Домой Әлеумет БПҰ МҮШЕЛЕРІ ҚАСҚАСУЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

БПҰ МҮШЕЛЕРІ ҚАСҚАСУЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ


Сайлау науқанының екінші онкүндігінде «Nur Otan» партиясының БПҰ мүшелері Қасқасу ауылдық округіне қарасты «Қасқасу ауылдық мәдениет үйінде» аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Бектұрғанов, М.Ермаханбетова, Д.Қуашбай және Қасқасу ауылдық БПҰ қатысуымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүргізу мақсаттында кездесу өткізілді. Ауданымыздың дамуына әлеуметтік, экономикалық жағынан көп үлес қосып, ауылшаруашылық саласын дамытып отырған ауыл халқына «Nur Otan» партиясының бағдарламасын түсіндіру жұмысы бойынша сөз қозғалды. Қандай бағдарлама болсын, қандай бір партия ұйымынан жаңалықтар болсын бастауыш партия ұйымы көштің алдында жүріп, елге жақсы жаңалықті бірінші боп жеткізеді.
«Nur Otan»-ның Төлебидегі өкілдері де сайлаудың алдағы бес жылға дейінгі бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстарын пысықтады. Солардың ішінде басты мақсат елімізде әлеуметтік реформаны одан әрі жылжыту. Бұл реформаға сәйкес осы елде білім, денсаулық, ауылшаруашылық салаларын алға жылжыту қажеттігі сөз болды. Жиынға қатысушылар еліміздің жетекші партиясымен бірге екендерін, сайлауда бірауыздан дауыс беретіндерін айтты.

«Nur Otan» партиясы Төлеби ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді