Домой Әлеумет БҰЛ БІЗГЕ САБАҚ БОЛУЫ ТИІС

БҰЛ БІЗГЕ САБАҚ БОЛУЫ ТИІС

Бұған дейін де мұнайдың бағасына байланысты елімізде түрлі қолайсыздықтар орын алғаны белгілі.

Қазақстан – «қара алтын» қоры жөнінен әлемдегі жетекші елдердің бірі. Жасыратыны жоқ, қазынаның негізгі кірісін де осы мұнайдан түскен қаржы құрайды. Тіпті, біздегі экономиканың негізгі көрсеткіші мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасына басыбүтін тәуелді екенін де жоққа шығара алмаймыз. Мұны мұнай бағасына қатысты кешегі жағдай тағы бір рет дәлелдеп бергендей болды.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Ақордада шұғыл кеңес өткізіп, тиісті органдарға жағдайды реттеуді тапсырды. Мұнай бағасының түсуі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа ешқандай кесірін тигізбеуі тиіс деген пікірді алға тартты. Халықты сабырға шақырып, алаңдауға негіз жоқ екенін де ескертті. Әрине, мұндай жағдаймен бетпе-бет келуіміз бір бүгін емес. Бұған дейін де мұнайдың бағасына байланысты елімізде түрлі қолайсыздықтар орын алғаны белгілі. Өкінішке қарай, солардың ешбірінен мардымды сабақ ала алмай келеміз.

Әрине, мұнай бағасына қатысты қиындықтың оңай еңсерілмейтіні белгілі. Ол үшін не істеу керек? Меніңше, мұнайдан өзге салаларға басымдық беріп, олардың тезірек аяқтан тұрып кетуіне барлық мүмкіндікті қарастырғаны жөн. Себебі, сонда ғана мұнайдың бағасына деген тәуелділіктен арыламыз. Сондықтан «Басқа түссе баспақшыл» демекші, қиындыққа мойымай, жағдайдың әлі-ақ реттелетіне сеніммен қарайық.

Оразалы ИСАЕВ,

қаржы саласының ардагері,

Шымкент қаласы.