Домой Әлеумет ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА СЫЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА СЫЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Канвассинг аясындағы кездесу барысында, мәслихат депутаттығына үміткерлер Түркістан қаласының Құрметті азаматтары және қала дамуына қосқан үлесі үшін біршама медальдармен марапатталған Таңғатаров Асылбек Мақұлбекұлы мен Таңғатарова Саракүл Еркінбекқызының отбасында қонақта болды.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші ақ жаулықты анамыз бен ақ сақалды атамыздың хал-ахуалдарымен танысып, тұрмыс жағдайларын сұрап, баталарын алуға келгенін жеткізді. Атқа мінер біртуар азаматтар қарттарымызбен етене жақын сұқбаттасып, ақыл кеңестерін де тыңдады.

Үлкендер: «Егеменді еліміздің болашағын сендерге аманаттаймыз, халқымызға аянбай қызмет ете беріңдер» — деп бата берді.

Сөз соңында үміткерлер қарттарымызға алып келген сый-құрметтерін табыстап, дендеріне саулық тілеп «Nur Otan» партиясының ел мүдессі үшін, халық қамы үшін бар жағдайды ойдағыдай атқаратынына уәде берді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласы Сайлау қорының қаражатынан төленді