Қазығұрттық кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті.
«Індеттің таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Науқастар ауруханаға көп келуде. Дәрігерлер күні-түні аянбай еңбек етуде. Құрылғының мүмкіндігі зор. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақтылы жәрдем көрсете алады» – деп аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ережепов қол ұшын созып жатқан кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.
Барлық жағдайды ескере отырып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 05-19 шілде аралығында «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы» жарияланған болатын. Шектеу шараларының барлығы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз үндеуінде бұл індетті ел болып, бірлескен күш-қуатпен жеңеміз – деп айтып өткен болатын. Осындай күрделі кезеңде ауданымыздан шыққан жанашыр азаматымыз, елін ұмытпай үлкен көмек көрсетіп отыр. Игі іс жасаған азаматымызға ауданымыздың атынан алғысымызды айтамыз.