Домой Әлеумет АУДАН ӘКІМІ ЭСТРАДА ӘНШІСІН ЖАСТАРДЫ БІРЛЕСІП ТӘРБИЕЛЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЭСТРАДА ӘНШІСІН ЖАСТАРДЫ БІРЛЕСІП ТӘРБИЕЛЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

Негізі аудан әкімдерінің өнер жұлдыздарына жастар тәрбиесін бірлесіп атқаруға байланысты жеткізген ұсыныстарын кездестіру жиі байқала бермейді. Мұндай ұтымды ұсынысты Жетісай ауданының әкімі аудан мақтанышы болған өнер иесіне айтып отыр.
Кеше Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев белгілі эстрада әншісі « Музарт Life» тобының мүшесі Сұлтан Ахметті қабылдап, құрмет көрсетті.
Қабылдау барысында аудан әкімі өнер иесінің қазақтың мәдениетін өркендетуге аянбай еңбек етіп келе жатқанын жеткізіп, сондай-ақ жүректі тебірентер патриоттық әндерінің куәсі екендігін атап өтті.
Бұған қоса, Жамантай Бейсенбаев Сұлтан Ахметтің Жетісай ауданында өтетін мерекелік концертіне қолдау білдіріп және шығармашылығына табыс тіледі. Оған қоса, кездесу мақсатына сай аудан басшысы эстрада әншісін елдің жастарын отан сүйгіштікке біргелесіп тәрбиелеуге шақырды.
Билік өкілдерінен құрмет-қошеметке ие болған Сұлтан Ахмет өз кезегінде аудан әкімінің шығармашылық саласының өкілдеріне деген ілтипатына және өзіне көрсеткен қолдауына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта әкім ұсынысына өз тарапынан мүмкіндігінше үлес қосуға уәде етті.