Домой Басты жаңалықтар ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ НАҚТЫ ӨСІМІН КЕМ ДЕГЕНДЕ 1,7 ЕСЕГЕ АРТТЫРУЫМЫЗ КЕРЕК

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ НАҚТЫ ӨСІМІН КЕМ ДЕГЕНДЕ 1,7 ЕСЕГЕ АРТТЫРУЫМЫЗ КЕРЕК

Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді.

Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды.

Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады.

Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет.   

Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек.

Бірінші. Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру.

«Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды.

Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында бұрын жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз керек.

Бұл мәселелер бойынша менің барлық тапсырмаларымды, ескертпелерімді Үкімет толық орындауғаміндетті.

Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек.

Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет.

Бұл – Елбасы айқындаған саяси бағыт-бағдарымыз.