Домой Әлеумет «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АТАКЕНТ КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ҚАНАҒАТТАНДЫРДЫ

«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АТАКЕНТ КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ҚАНАҒАТТАНДЫРДЫ

«Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапары барысында Атакент ауылдық округінің тұрғындары «Сапалы жол» жобасы аясында өз талап-тілектерін жеткізген болатын.

Осы мақсатта, жобалық кеңсе жетекшісі мен «Мақтаарал — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, тұрғындардың ұсыныс-пікіріне орай, Атакент кентіне қарасты Шығыс көшесінің сапасы мен қауіпсіздігіне қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Бақылау жұмыстары көрсеткендей, мердігер мекеме жұмысынан олқылықтар мен кемшіліктер анықталмады.

Дегенмен, жобалық кеңсе қызметкерлерінен құралған жұмысшы топ өкілдері тұрғындардың өтінішін жедел қанағаттандыру бойынша жұмыстар атқарып, мердігер мекеме басшыларының аталған көшеге асфальтбетон жамылғысын төсеуге ықпал етті.

Айта кетсек, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде өңір тұрғындарының арыз-шағымы мен талап-тілегін қанағаттандыруды жүзеге асырып келеді.

Атқарылған жұмыстар бойынша «Дейін» және «Кейін» суреттерді ұсынамыз.