Home Мәдениет ЖАУЛЫҒЫНЫҢ ҰШЫНА ЖҰПАР ТҮЙГЕН

ЖАУЛЫҒЫНЫҢ ҰШЫНА ЖҰПАР ТҮЙГЕН

Ұлттық өнеріміз айтыста өзін­­дік өнерімен ерекшеленіп, қиял­­ға қанат сермеген қазақ ақын­­дарының анасы Әселхан Қалы­­бекованың шығармашы­лығы мен өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа өшпес өнеге болары сөзсіз. Осы мақсатта кеше киелі Отырар даласынан жұлдыздай жарқырай шығып, дүйім ел алдында қара сөздің қадірі мен қасиетін орамды ой, өткір де шырайлы тілмен тыңдарман жүрегіне жеткізе білген арқалы ақын өзінің туған жері Көксарай ауылындағы жерлестерімен кез­­десті. Туған жеріне ерекше тол­­қыныспен келген Халық ақыны алдымен өзінің атасы Ергөбек Құттыбайұлының атындағы не­гізгі орта мектепте болып, та­рихи-мәдени өлкетанушылар бұ­ры­шының ашылу салтанатына қатысты. Шара барысында айтыскер ақын баба рухына тағзым етіп, мектеп қабырғасына ілінген су­ретінің алдына гүл шоқтарын қойды. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мін­дет­­тер­ді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған жиынға аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов арнайы қатысып, шараның кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол екенін атап өтті.Тарихи деректерге сәйкес Ер­гөбек Құттыбайұлы 1865 жылы Оңтүстік Қазақстанның Отырар ауданындағы Шәуілдір деген жерде дүниеге келген. 1917 жылы Өзбекстанның Зеңгіата ауда­­ны­­на қарасты Ащы деген жерде қайтыс болған. Ергөбектің ағасы – Қалыбек. Қазақстанның Халық ақыны атанған Әселхан Қалы­­бекова – осы Қалыбектің неме­­ресі.«Тойға біреу шақырса,Есек мініп барамын.Құлшығаштың ішіндеКедейліктен дарамын.Жылап келіп дүниеге,Жылап кетіп барамын»,-деп жырлаған Ергөбек ақын жайын­да кеңінен әңгімелеп берген Әсел­­хан Қалыбекова шараның ұйым­­дастырушыларына шынайы алғысын жеткізді. Мұнан соң ақын М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебін­де «Жаулығының ұшына жұпар түйген» атты кездесу кешіне қатысты. Еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты сани­тарлық талаптарды сақтай оты­­рып өткен кездесуде ақын жыр­­ларымен сусындап өскен мектеп оқушылары кезек-кезегімен сах­­наға шығып, асқақ рухты өлең­­дерін мәнерлеп жатқа оқып берді. Одан әрі ұлағатты ұстаз Жұ­­макүл Нәлібаева жүргізген жи­­ында мемлекеттік «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері Әселхан апамызды әңгімеге тар­­тып, ақынның өмірі мен шы­ғар­машылығы жайында келелі ой­лар айтылды. Сұхбат барысында ақын сағынып көріскен жерлесте­ріне ерекше тебіреніспен әлі сиясы кеппеген жырларын оқыды. Кез­десу кешінде ауыл округінің әкімі Әбдірахман Мәуленқұл мен аудандық мәслихат депутаты Ай­­нұр Сыздықәлі ақынға деген ізгі ниетке толы ақ тілектерін ар­­нап, зерлі комзолды иығына жап­са, көксарайлық замандас­­тары Өмір­зақ Жүсіпқожа мен Бал­­та­бай Әуел­бековтер арнау-тілек­­терін өлең­­мен жеткізді. Сондай-ақ ақ­ын­­­ның сыныптастары мен қа­тар құр­­бы-достары да естелік­­терімен бө­­лісіп, ақынның балалық ша­ғын баян­­дап берді. Әсерлі әңгіме мен рухты жыр-арнаулар оқылған кеште ақынның сөзіне жазыл­ған әуезді әндер де шырқалып, көпшіліктің көңілін көкке көтеріп тастады. Нар кеудені кернеген дарыны бар,Айтыс десе жұлқынған арыны бар.Бастау алған кәусәрдан Ергө­бектей,Сарқыраған, сарқылмас сарыны бар – деп ақындар жырлағандай айтыстың ақтаңгері, қара өлеңнің қара нары Әселхан Қалыбековамен өткен кездесу осылайша әсерлі қорытындыланды.