Home Қоғам СОЗАҚ: “КҮЛІМДЕ, НАУРЫЗ, КҮЛІМДЕ” ШАРАСЫ ӨТТІ

СОЗАҚ: “КҮЛІМДЕ, НАУРЫЗ, КҮЛІМДЕ” ШАРАСЫ ӨТТІ

Тағзым күніне орай Созақ аудандық балалар кітапханасының “Білім” орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін «Күлімде, наурыз, күлімде» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырды.


Мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балалар, қоғамдық ұйымдар бірлестіктерінің өкілдері, еңбек ардагерлері қатысқан басқосу ата – бабалар рухына құран бағыштаумен басталды.

«Аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары А.Мұсабеков, Созақ ауданының құрметті азаматы Қ.Өмірұлы мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Зағиптар қоғамының бастауыш ұйымының төрағасы Т.Аққұлиев құттықтай келе, кітапхана қызметкерлері А.Балтабекова, Ғ.Маймақова, аудандық кітапхана басшысы С.Батырбековке облыстық қоғам атынан Алғыс хаттар тапсырды. Мереке соны тағдырдан қағажу көрсе де мойымаған, өмірге құштар жандардың концерттік бағдарламасына ұласты. Өмірзақ Нұрқанат, Еркін Нұрай, Темірхан Айнұр, Талас Айару, Талас Аяжан атты жасөспірімдердің өнеріне жиналған қауым дән риза көңілмен тарқады.