Home Мәдениет “ШҰҒЫЛАЛЫ ТАҢ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

“ШҰҒЫЛАЛЫ ТАҢ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ- түрік университетінің Мәдениет орталығында “Шұғылалы таң” қайырымдылық қоғамдық қорының концерті өтті.

Ерекше қажеттілігі бар жандарды қоғамдық ортаға бейімдеуге арналған «Шұғылалы таң» қайырымдылық қоғамдық қоры және университет ұжымының ұйымдастыруымен өткен мерекелік кешті вице-ректор Асқар Тұрғанбаев ашты. Жиын барысында университет ректорының Алғыс хаты «Шұғылалы таң» қайырымдылық қорының төрайымы Дана Ормановадан бастап бірқатар қор мүшелеріне табысталды.

Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеуде, инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін аталмыш қор мүшелеріне алғыс білдірді.

«Мейірім» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен жандарға қор төрайымы Дана Садыққызы ризашылығын жеткізді.

Шара соңында ерекше қажеттілігі бар балалар өз өнерлерін көрсетті.