Home Мәдениет КЕНТАУ: ЖАҢАИҚАНДЫҚТАР ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР

КЕНТАУ: ЖАҢАИҚАНДЫҚТАР ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР

Өткен жұмада Кентау қаласына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округінде тағылымды шара өтті. Атап айтсақ, Жаңа Иқан ауылдық округі мәдениет үйінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» «Ұлы даланың жеті қыры», мақаласы аясында «Құндылықтарды жаңғырту – өркендеудің берік дінгегі» атты ұлт құндылығы – салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ауыл өнерпаздары арасында фестивал өтті.

Аталмыш фестивалға Жаңа Иқан ауылдық округ әкімі С.Садибаев, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының бас режиссері Қ.Джумашев, Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасыры

Г.Құдайбергеновалар қатысты.Айта кетейік, шалғайдағы ауылдың тіршілігі тек мұнымен шектелмек емес. Бұған дейін де ауыл тұрғындары арасында ұлт руханиятын ұлықтауға бағытталған келіндер сайысы, соңғы уақытта дәстүрге айналған ұлттық ойындар байқауы да осы ауылда кең қолдауға ие.