Home Мәдениет Көрісу күні ұлықталды

Көрісу күні ұлықталды

«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» М. Мәметова атындағы ЖОББ мектебінде 14 наурыз «Көрісу» күніне орай, мектеп кітапханасында кітапханашы Л. Төребекова «14 Наурыз көрісу күні» тақырыбында көрме жасап, 5-сынып оқушыларымен танымдық сабақ өтті. Бұл шара «Көрісу» қазақтың Наурыз мейрамының негізгі салттарының бірі екенін оқушыларға кеңінен мәлімет беруді, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетуді көздеді. Оқушылар Ұлыстың ұлы күні Наурыз жайлы түрлі деректер айтып, осы күнде орындалатын ғұрып, сенімдерді атады.

Шара соңында бата-тілектер айтылып, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.