ЖҚ ұйымдастыруымен республика көлемінде «AMANAT CUP» шағын футболдан жастар турнирі өткізілді. 20 аймақты қамтыған спорттық жарысқа 196 команда қатысып, 1500-ден астам жас қамтылды.Турнирдің мақсаты – жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту, республика жастары арасында футболды насихаттау және дамыту. Түркістан облысы бойынша аудан, қалалардан 8 команда облыс орталығында өзара сайысқа түсті.
Атап айтқанда Бәйдібек, Созақ, Сайрам, Сауран аудандары, Түркістан қаласы сондай-ақ мегаполис шаһар Шымкенттен келген командалар арасындағы сайыс тартысты өтті.Спорттық ойын нәтижесінде сайрамдық екі команда жүлдеге ие болды. 3-орынды “Игілік” командасы иеленсе, 2-орыннан “Ақбұлақ” тобы көрінді. Ал, 1-орын Сауран ауданының “Ынтымақ” командасына бұйырды.Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға қатысып, марапаттарды табыстаған Түркістан қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Жүсіпбаев, меценат Бағдәулет Тұрманов спорттық ойындарды дамытуға күш салынатынын жеткізді. Сондай-ақ, марапаттауда турнирдің үздік ойыншылары, үздік бомбардирлері мен үздік қақпашылары анықталды. Номинация иегерлеріне де арнайы дипломдар және сыйлықтар үлестірілді.