Home Қоғам “ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА”

“ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА”

Бүгін қала әкімінің міндетін атқарушы С.Дәрібайдың төрағалығымен, ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен, ауылдық округ әкімдерінің және тиісті мамандардың қатыусымен жиын өтті.
Жиын барысында 2021-2022 жылдары мал қыстату науқанына дайындалған мал азығы қорын ауыл округі кесіндісінде және агроқұрылым бойынша қамтамасыз етілу мәселесі талқыланды.
Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Біләлбеков бөлім тарапынан 9 айдың көлемінде атқарылып отырған жұмыстардың барысына тоқталып, баяндама жасады.
Бүгінгі басты мәселенің бірі қала және ауылдық округ аумағындағы шаруа қожалықтары мен бірді-екілі төрт түлігі бар мал иелеріне қажетті мал азығымен қамтамасыз ету болып табылады.
Осы тұрғыда әрбір ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарының тізімдері мен мал басының есептерін алып, қажетті мал азығының қорына сараптама жасауды тапсырды.
Жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, күн тәртібіндегі мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Мал азығының тапшылығын жою және алдын алу мақсатында тұрақты түрде шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.