Home Басты жаңалықтар Түркістан: 786 адам оңалтудың жеке бағдарламасымен жолдама алды

Түркістан: 786 адам оңалтудың жеке бағдарламасымен жолдама алды

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Нұрбибі Бурибаеваның есептік жиындағы мәліметіне сәйкес, биыл 101 азамат “инватакси” қызметіне жүгінген. Оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша санаторий-курорттық емделу үшін 786 азамат жолдамамен қамтылды.

Ал, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметінде I топтағы ерекше қажеттілігі бар 462 азамат және есту-ымдау мамандары қызметіне 58 азамат жүгінді. Сонымен қатар, 300 ерекше қажеттілігі бар бала үйде оқу көмегін, 14 бала кешенді әлеуметтік қызметін алды. Және де биыл әлеуметтік көмек көрсетуде қала тұрғындары мен кәсіпкерлері де белсенділік танытты.  

Атап айтқанда, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының тұрғыны, жалғыз басты қарт мүгедек ананың тұрғылықты мекен-жайына барып тұрмыстық көмектер көрсетті, демеушілер есебінен 10 азаматқа 15000 теңге көлемінде әлеуметтік пакет табысталды. Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін көптеген мәдени-қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары, жазасын өтеген азаматтарды қоғамдық ортаға кірістіру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.