Home Қоғам ТҮРКІСТАН: Веложолдардың көбеюі кептеліске септігін тигізеді

ТҮРКІСТАН: Веложолдардың көбеюі кептеліске септігін тигізеді

Түркінің тарихи астанасы Түркістанның облыс орталығы атанғанына да біршама уақыт болды. Қолға алынған, жоспар болған істердің талайы орындалып, шаһарға келушілердің де, тұрғындардың да шынайы қуанышына куә болып жүрміз. Көркімен көздің жауын алатын жаңа нысандар, әсемдігі талай әңгіме арқау болатын демалыс орындарына қонақ болу көптің арманына айналып үлгерді.

Жуырда қолға алынған веложолдардың ұзартылуы да қаламыздың көркіне көрік қана қосып қоймай, біршама мәселенің шешілуіне де өзіндік әсерін тигізеріне сенім мол. Облыс орталығы мәртебесін алғалы бері көбейген көлік кептелісі, экологиялық қиындықтардың артуы сынды қиындықтардің шешімі бұл.Қаладағы біршама көшелер бойында, атап айтқанда Шәуілдір тасжолындағы 3 км, Б. Саттарханов даңғылындағы 5 км, Тәуке хан даңғылындағы 4,5 км салынған веложолдар төселіп үлгерген. «Тұңғыш Президент саябағы» мен жаңадан салынып жатырған арықшалар жанында салынып жатырған веложолдар да көптің көңілін аударып, қуанышын арттыруда. Бұл жолдар қаладағы қозғалыс жүйесіне біршама өзгерістер әкеледі деген сенімдеміз