Home Қоғам ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімі С.Полатов «EL Umiti» бастамасымен «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған ауданымыздың білімпаз, шығармашыл оқушыларды қабылдады.Аудан басшысы қабылдау барысында ауданымыздың даңқын асқақтатып жүрген белсенді оқушыларға жүрекжарды лебізін білдірді. «Жастарды қолдауға арналған ауқымды жобаға белсене қатысып, ауданымыздың даңқын шығарған сіздерге, білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан ұстаздарға алғысым шексіз»,-деді. Аудан әкімі Салыхан Полатов, «Елбасы медалін» иеленген Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Фазылбек Ақбота мен Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Елтай Ауананы алғыс хатпен марапаттап, гүл шоғын табыстап, естелік суретке түсті. Тұңғыш рет өткен еліміздегі ауқымды жоба – «Елбасы медалі» бағдарламасына ауданнан 7 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, қола медаль иегері атанды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс ауылдағы 5 оқушы қабылдауға қатыса алмады. Олар Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Тұран Өсер, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ізбасар Құралай, Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қабыл Нұрай, С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Әдімхан Қарақат, С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Мырзағали Ұлдана. Марапаттауды өздерінің білім ошақтарының басшылары салтанатты түрде табыстайтын болады. Жалпы, «Елбасы медалі» жастарды кешенді дамытуға арналған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Бұл бағдарламада әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени, спорт және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау. Жоба өту барысында қатысушылар өз дағдылары мен дарындарын шыңдайды, ұлттық мәдени мұрамен танысады, денсаулығы мықты, болашағына сенімді тұлға ретінде қалыптасады.