Home Қоғам ТҮРКІСТАН: САҒАТЫНА 20 ТОННА ЖЕМ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: САҒАТЫНА 20 ТОННА ЖЕМ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

«Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай халықтың әл-ауқатын көтеру жоспарланып отыр. Бұл меже – мемлекет басшысының сайлау алды бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қуатты аймақтар мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру ісі біртіндеп жүзеге асып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аталмыш жобаның басты мақсаты – азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жоғары. Жоба аясында жалпы өңірлік өнімін жыл сайын 3,9%-ға, сонымен қоса транзиттік жүк легін 22,7-ден 30 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Жоба толықтай жүзеге асқан жағдайда Қазақстан ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде “Инфрақұрылым” көрсеткішін 62-ден 49-ға, дүниежүзілік банк рейтингінде “Логистика тиімділігі” көрсеткішін (LPI) 71-ден 50-ге дейін жақсартатыны болжанған. Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін 2021–2025 жылдарға 7 567 408 245,0 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 4 022 143 962,0 мың теңге республикалық бюджеттен, 785 759 418,8 мың теңге жергілікті бюджеттен. Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат – 2 759 504 864,2 мың теңге. Халықтың сапалы әрі жайлы тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру – жобаның басты мақсаттарының бірі.

Сайрам ауданында жаңа жобалардың құрылысы қолға алынды. Соның бірі инновациялық технологияларды қолдана отырып, ауданда түйіршіктелген жем жасау өндірісі іске асырылады. Жобаның құрылысына жауапты мердігер компания – «Nurym Group» ЖШС биылдан бастап зауыттың құрылыс жұмыстарына кіріседі.

«Бүгінгі таңда ұсақталған, мөлшерленген, жоғары температурада буланған құрама жем аулада кептіріледі. Сондықтан цех көктемнен күзге дейін маусымдық жұмыс істейді. Кептіру жабдықтарын сатып алмақшы. Көптеген фермерлер малды ескі тәсілмен тамақтандырады. Ал түйіршіктелген құрама жемнің өнімділігі 80% — ға жоғары», — дейді кәсіпкер. ⠀

Дүние жүзінің барлық елдерінде жемнің құны жыл сайын өсіп келеді. Ал оларды өндіруге қажетті ресурстар азайып барады. Сонымен қатар құрама жемнің көптеген құрамдас бөліктері тапшы болып, кейбіреулері басқа мақсаттарға пайдаланылады. Дәстүрлі энергетикалық ресурстардың қымбаттауы мен қысқаруы рационға 80%-ға дейін және одан да көп астық компоненттерін қосу қажеттілігін тудырды, бұл теңгерімсіздікке әкеліп соқтырады және биологиялық толық құнды өнімдерді қамтамасыз етпейді. Осыған орай, азық-түліктің жаңа түрлерін іздестіру және шикізатты тиімді пайдаланудың ұтымды технологиясын жасаудың маңызы зор.

2023 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі қазірдің өзінде 758 миллиард теңгені құрады. Өсім негізінен сүт және тоқыма өнімдерін, сондай-ақ электр жабдықтарын өндіру есебінен болды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгеден асты. Бұл ретте, ағымдағы жылы облыс экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есеге артты. 194 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Биыл оның 39-ы іске қосылды.

Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар да сенімді өсіп келеді. Тоқыма өндірісі 160,2%-ға, кокс пен мұнай өнімдері 119,7%-ға, басқа да металл емес минералды өнімдер 114,1%-ға, машина жасау 111,2%-ға, жиһаз өндірісі 140,3%-ға өсті. Жалпы алғанда өңдеу өнеркәсібінде 594 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 30,2 миллиард теңгені құрайтын 20 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 11 жоба іске қосылды.

Облыста шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы ахуал қалыптасқан. Осы жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28 мың бірлікке өсіп, 213 мыңды құрады. Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам өнім өндірілді. Мемлекеттік қаржылық қолдау шаралары кәсіпорын табысының өсуіне тиімді әсер етеді. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы арқылы ағымдағы жылдың 10 айында бизнес субъектілері жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуге 21,3 миллиард теңге алды. Кәсіпкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығымен (48,3%), сауда-саттықпен (23,3%), туризммен (20,3%) және өнеркәсіппен (6%) айналысады.

Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының маңызды салаларының бірі. Жыл басынан бері салаға 88,5 миллиард теңге инвестициялар тартылды.

Өңірдегі АӨК дамытудың маңызды бағыттарының бірі жаңа технологияларды пайдалану болып отыр. 31 788 га жерде су үнемдеу технологиясы енгізілді. Ал «бір ауданнан жылына 2-3 өнім алу» жобасы суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік берді.

Қарқынды бау-бақша көлемі 5405 га-ға дейін жеткізілді. Нәтижесінде өнім 5 есеге артып отыр: шаруалар 300-350 центнерге дейін өнім жинайды. Бұрын бұл көрсеткіш 60-70 центнер деңгейінде болатын. Өңірде жылыжайдың жалпы көлемі 1640 га жетті. Сонымен қатар, 500 га жерге жаңа жылыжай салу жоспарда бар. Ал Сауран өңірінде көкөніс сақтайтын қойманың құрылысы басталды.  Облыс халқының 80%-ы ауылдарда тұрады. Облыста алты бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары үшін игілікті көмекке айналды. Қазірдің өзінде 17,3 миллиард теңге сомасына 2877 жоба қаржыландырылды. Бағдарламаның арқасында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азайып, өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі артып, жаңадан ашылған жеке кәсіпкерлерден түсетін қосымша салық түсімдері артты.

2023 жылы іске қосылған жобалардың қатарында мал бордақылау алаңы, сыйымдылығы 3 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы, жылына 50 тонна балық өндіретін балық зауыты, жаңбырлатып суару технологияларын енгізу, «Cotton -2» мақта өңдеу зауытын, сондай-ақ құс етін өндіретін құс фабрикасын, 50 гектарға қарқынды алма бағын кеңейту бар.

Ауыл шаруашылығы жануарлары үшін отандық толық жем өндіру, қалдықсыз өндірісті қамтамасыз ету, азық-түлік емес шикізатты пайдалану және зиянды қалдықтарды азайту, сондай-ақ қант өндірісінің қалдықтарын кешенді пайдалану арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарының экологиялық жағдайын жақсарту қажет. Қазақстанда қант өндірісінің қалдықтарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жаңа жем өндіру бойынша жұмыс жүргізілмеді, бұл ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыруда жаңа жемшөпті пайдаланудың өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттырудың ең маңызды алғы шарты – қолда бар барлық азықтық құралдарды пайдалану және оларды сапалы азық түрінде үздіксіз қамтамасыз ету. Осыған байланысты мал шаруашылығында тамақ өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары мен жанама өнімдерін толық және ұтымды пайдалану назар аударуға тұрарлық. Жем-шөп базасын нығайту үшін қант қызылшасы өндірісінің қалдықтарынан жергілікті, арзан, дәстүрлі емес шикізаттан алынатын ингредиенттерді кеңейту маңызды.

Ұтымды, толыққанды тамақтандыруды ұйымдастыру ауылшаруашылық жануарларының өнімділігін одан әрі арттырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Отандық жемшөп өндірушілер талап ететін шикізаттың дәстүрлі емес түрлерін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жемшөп қоспалары мен құрама жемнің отандық технологияларын әзірлеу.

Рецепттерді жасау кезінде жемдік қоспаға жекелеген компоненттерді енгізудің ғылыми негізделген нормалары ескерілді. Нормаларды, азықтандыру рациондарын және сапа стандарттарының талаптарын ескере отырып, сауын сиырларына қант өндірісінің қалдықтарын пайдаланатын азықтық қоспалардың рецептуралары әзірленді. Бұл қалдықтар төмен бағамен құнарлылығы жоғары, ақуызы жоғары жемді жасай алады.

Сауын сиырлар үшін алғаш рет қант қызылшасының қалдықтарын пайдалану арқылы дана және түйіршіктелген азықтық қоспалардың ғылыми негізделген рецептуралары мен технологиялық ережелері әзірленіп, «ҚазҚӨТӨҒЗИ» ЖШС тәжірибелік цехында жемшөптің тәжірибелік партиялары өндірілді.

«Nurym Group» ЖШС зауытында сағатына 20 тонна түйіршіктелген жем өндірілетін болады. Өндіріс орны жанынан арнайы зертхана мен 20 мың тоннаға дейін мал азығын сақтайтын қойма салу да жоспарланған. Алдағы уақытта зауытта 12 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Айта кетейік, жаңа қондырғылар крахмал, сірне, жүгері глютені, бидай дәні мен маңызы, А және В бидай крахмалы түрлерін және биоэтанол отынын өндіре алады. Қосалқы өнім ретінде спирт төбінен және кебектен түйіршіктелген құрғақ жем өнімі алынады. Зауыт жабық өндірістік циклде жұмыс істейді және өнімнің сапасын барлық кезеңдерде – бастапқы астық шикізатын қабылдаудан (өз егіс алқабында өсірілетін), ылғалдылық пен ауа температурасын бақылайтын жабдықтармен жарақталған өз ыдыстарында дайын өнімді сақтау және орау сатысына дейін бақылай алады.

Оған қоса аудандағы қасапханалардан шыққан қалдықтарды өңдеу жұмыстарын іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Сайрамдағы маңызды жобалардың бірі – биыл ет өндейтін зауыттың құрылысы басталады. Кәсіпорында күніне 1000 бас ірі қара мал сойылады деп жоспарлануда. Зауыттың өзгелерден ерекшелігі, онда қасапханалардағы шикізат қалдықтарын қоса терең өндейтін орын қарастырылған. Түркістан облысы ет өңдеу бойынша республикалық рекордтық көрсекіш көрсетіп тұр. Ет экспорты бойынша облыс республикада алда келе жатыр. Түркістанда 2023 жыл қорытындыланып, барлық сала бойынша жылдың үздіктері марапатталды. Салтанатты іс-шарада облыс әкімі Дархан Сатыбалды еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттап, 11 айдағы экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. Бірқатар «сақалды құрылыстың» мәселесі шешілгенін жеткізді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталатын болсақ, биыл 11 айда оң өсім сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемін 3 трлн. теңгеден асты. Жыл қорытындысымен 3,8 трлн. теңгеге жетеді деген жоспар бар. Өнеркәсіп өнім көлемі 2,3 пайызға артып, 864 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінде 17 жоба іске қосылды, 534 жұмыс орны ашылды. Ауыл шаруашылығы саласында 1 трлн. теңгеден астам қаржының өнімі өндіріліп, облыс республикада облыс көш бастады. Жыл басынан салаға 92 млрд. теңге инвестиция тартылды. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша дақылдарынан рекордтық 3,3 млн. тонна өнім жиналды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қуаттылықтарын арттыру мақсатында Сауран ауданында 1 гектар аумақта көкөніс сақтау қоймасының құрылысы басталды. Келесі жылы пайдалануға тапсырылады. Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналды. Жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселесі Үкімет алдында көтеріліп, нәтижесінде жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Осы мақсатқа биыл 500 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ жылыжайларды бір орталықтан көмірмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, көмір өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді. Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 5 пайызға өсуде. Ет экспорты бойынша облыс республикада алдыңғы орында.

Биыл 335 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар толық орындалды. Президент тапсырмасына сәйкес, ауыл халқының жағдайын жақсарту мақсатында биыл «Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта іске асырылып жатыр. Бұл мақсатқа 19,8 млрд. теңге бөлініп, 3220 жоба қаржыландырылды. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленіп, 75 жаңа кооператив ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3517 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс экономикасына 848 млрд. теңге инвестиция тартылып, көлемі 1,4 есеге артты. Жеке инвестиция 1,5 есе артып, 588,4 млрд. теңгені құрады. 2023 жылы 56 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 52 жоба іске қосылды. 1785 жұмыс орны ашылды. Облыста құрылыс жұмыстарының көлемі 278 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан 853 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, нәтижесінде 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Қосымша осы айдың соңында 199 мың шаршы метрлі 59 тұрғын үй тапсырылады. Өткен жыл облысымыз үшін табысты жыл болды. Түркістанды жаңа заманмен үндестіре түлету, сондай-ақ облыстың экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстары толассыз жүргізілді.

Айта кетейік, малдың қаны мен сүйегін, ішек-қарнын, терісін ретсіз тастаудың алдын алатын жаңа жоба 2025 жылы іске асырылады деп жоспарланып отыр. Жоба аясында 70 адам жұмыспен қамтылады.