Home Қоғам ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІП АШҚАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІП АШҚАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы – ауылшаруашылығы саласында алдыңға қатарда келеді. Мәселен,  Ордабасы ауданы Шұбар ауыл округі, Тоқсансай елді мекенінің тұрғыны Ұлжалғас Аманбекова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз кәсібін ашқан. Бастапқыда ірі қара мал басын бордақылау бағытында 8,6 млн теңге несие алуға мүлкін кепілге қойып, өтінім жолдаған. Нәтижесінде комиссияның оң шешімін алған. Кәсіпкер несие қаржысына Жамбыл облысынан 23 бас ірі қара мал әкеліп, шаруашылығын бастаған.

Алдағы уақытта ірі қара мал басын бордақылап, ет өнімдерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, «Ауыл аманаты» жобасы аясында пилоттық жобаға қатысқан Шұбар ауыл округі бойынша «Шұбар-1» АӨК-ке 92 азамат несие алуға тіркелген. Олар түрлі бағыт бойынша несие алуға өтініш берген. Оның ішінде мал бордақылаумен айналысуға – 82, құс шаруашылығына – 1, балық шаруашылығына – 5, өсімдік шаруашылығына – 3, омарташылыққа (бал арасын өсіру) – 1 және өз кәсібін ашуға бағыты бойынша 4 азамат несие алуға ниет білдірген. Бүгінде 72 азаматтың жобасы облыстық комиссия қарауынан өтіп, 60 жоба қаржыландырылған. Оның 56-ы – мал бордақылау, 2 жоба – өсімдік шаруашылығы, 2-і – өзге бағыт бойынша. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында ауыл кооперациясы аграрлық саланы дамытуға жол ашатынын айтқан болатын.

«Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал  мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет», – деген болатын Президент өз Жолдауында.

Ауыл аманаты «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер 2023 жылдан бастап берілді.   Жоба аясында қандай жеңілдіктер қарастырылған? «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. – несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; – несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; – номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие бұл – өте тиімді. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік. «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы Нұркен Шарбиевтің айтуынша, ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

«Ауылда 7,7 млн адам тұрады. Бұл – халықтың жалпы санының 41%-ы. Былтырғы дерекке сәйкес, ауыл және қала тұрғындарының ақшалай табысының айырмашылығы 38%-ды құрайды. «Ауыл аманаты» жобасы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесуге тырысамыз. Жобаның мақсаты мен міндетін түсіндіру үшін кең ауқымды 40 күндік ақпараттық марафон өткіздік. Мобильді топ құрамындағы тренерлеріміз 28 шілде мен 10 қыркүйек аралығында республикадағы 179 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округінде 250 мың азаматты қамтыған кездесулер өткізді», – деді ол.

 Ауылдықтар жобаға үлкен үміт артып отыр Жобаға ауыл тұрғындарының да қызығушылығы зор болды. Олар ауылда өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін болған шағын кәсіптерін дамыта алатынына дән риза.

«Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Біз ауыл тұрғындарына мамандануға көмектесеміз. Айталық, барлық жерде бірдей қызылша өсіру немесе ірі қара мал жаю мүмкін емес. Жамбыл өңірінде тұрғындардың 68 %-ы атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатынан шықты. АӘК алуды жалғастыру немесе осы бағдарлама арқылы ақша таба бастау.  Тұрғындар осындай таңдау жасап жатыр», – деді партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектесетін болады. Осы ретте «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауылдық округ әкімдеріне және «AMANAT»-тың аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларына арнайы курстар өткізді. Халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласында 2 346 адам курстан өтіп, білімін жетілдірді.

«Кооператив құру және өткізу тізбегін қалыптастыру бойынша тренингтер өткізілді. Адамдар жекелей жұмыс істей алатынын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативіне біріге алатынын түсіндірдік. Бұл қадам шығынды азайтады. Мысалы, жемді нарықтағы бағадан 40-50 %-ға арзан бағамен сатып алуға болады. Жер жырту, қоқыс шығару кезінде де арнайы техниканың қызмет құны төмендейді. Кооперативтер техниканы лизингке оңай ала алады. Облыс әкімдіктері кооперативтерге кәсіби агрономдардың, ветеринарлардың, механизаторлар мен зоотехниктердің қатысуын қамтамасыз етеді», – деді жобалық кеңсе хатшылығы басшысының орынбасары Ақмарал Бекмұрзаева.

Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан қолдау бағдарламаларының арқасында облыста ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің өсу қарқынының тұрақты динамикасы қалыптасты.
Ауыл тұрғындарын жаппай жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі – қосалқы шаруашылықтарды қолдау және дамыту.
Тұжырымдамалық тәсілдер бойынша аталған жобаны жүзеге асыру үшін ұсынылған критерийлерге сәйкес ауылдық округтер іріктеу жүргізіліп, 96 ауылдық округ анықталды.
Дегенмен, «Ауыл Аманаты» жобалық кеңсесінің ұсыныстары бойынша 17 ауылдық округ ұсынылып, жобаның максималды тиімділігіне жету үшін бюджеттік қаржыландыру көлемін ескере отырып, екі ауылдық округте жобаны жүзеге асыру ұсынылды.
Бұл ретте облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын, сондай-ақ азаматтардың жеңілдікті шарттармен жеңілдетілген несие алу мүмкіндігіне деген үмітін ескере отырып, барлық ауылдық округтерді тарту көзделуде.

Бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін “Ауыл аманаты” жобасына жол ашып берді. Оны Қазақстанда бірінші болып Ақтөбе облысы іске асыра бастады, ал 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды.

Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджетте 52,4 млрд теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қаражатқа қосымша қажеттілікті анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізеді.

AMANAT партиясы жанынан азаматтар мен әкімдерді әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабылдау және қаражатты бөлу процесінің мониторингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе ашылды.

Осы жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылды құрайды, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл кезең көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Қаражатты ала алады: ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркеусіз тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; ЖК-да өнім өндіретін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен сату немесе айырбастау үшін жеке қосалқы шаруашылықтың мүшелері; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

“Бұл біздің ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадамдар. Жобаны пилоттық іске қосу қорытындысы бойынша орташа айлық табыс 1,7 есе өсті, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды, жұмыссыздық деңгейі 36% – ға төмендеді. AMANAT партиясы мен үкіметтің міндеті – “Ауыл аманаты” жобасын бүкіл елге масштабтау. Жобаның барлық артықшылықтары туралы халықты дұрыс ақпараттандыру маңызды”, – деп атап өтті AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.