Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Бүгін Арыс қаласында жаңа мешіттің іргетасы қаланды. Ғибадатхананың алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихаттың хатшысы Амантай Байтанаев қатысты.

Қала басшысы игілікті бастамаға сәттілік тілеп, ел мүддесіне бағытталған осы сауапты істің басталуымен құттықтады.

«Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдығы қарсаңында жаңа мешіттің іргетасы қаланып жатыр. Қаламыздың бас қақпасы саналатын «Дендросаябақтың» қарсы алдынан бой көтеретін бұл мешіт имандылықтың темірқазығына айналып, халқымыздың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етеді деп сенемін», – деді Гүлжан Мамытқызы.

Заман талабына сай салынатын қос мұнаралы мешітте бір мезетте 1 500 адам құлшылық ете алады. Сондай-ақ, мешіт ауласында 50 автокөлікке арналған автотұрақ болады.