Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА ТУРИСТІК ОРЫНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА ТУРИСТІК ОРЫНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ


Арыс қаласында туристер көп баратын төрт нысан бар. Біріншісі, «Арыс» шипажайы. Екіншісі, 1904 жылы салынған – «Қалалық мұражай кешені». Үшіншісі, 1904 жылы салынған тарихи-мәдени нысан – «Арыс қаласының темір вокзалы». Төртіншісі, «Мұңлық-Зарлық» монументі. Бұл нысан Арыс қаласы Байырқұм ауылдық округінде, «Шымкент–Шардара» тас жолы бойында орналасқан. Бұдан бөлек, қалада туристерге қызмет көрсететін 4 қонақ үй бар. Заманауи талапқа сай қонақ үйлерде туристтердің алаңсыз демалып, тынығуына барлық мүмкіншілік қарастырылған.
Одан бөлек, емдік-сауықтыру бағытындағы туристік нысандар да қызмет көрсетеді. Қожатоғай ауылдық округінде 30 жатын орындық «Көксарай» шипажайы, ал Арыс қаласында «Тораптық ауруханаға» қарасты 50 жатын орындық «Арасан» шипажайы жұмыс істейді.
Арыс қаласы бойынша қызмет ететін туристік нысандар 5 қонақ үй, 3 шипажай, 8 әлеуметтік мәдени орындар, 1 мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, 9 ұлттық тағамдану орындары, 2 вокзал, 2 автовокзалы, 1 су қоймасы орналасқан («Көксарай» су реттегіш қоймасы). Қалада туристік нысандарға баратын жол сілтемелері «Арыс теміржол вокзалы», «Қалалық мұражай», «Арыс шипажайы», «Мұңлық-Зарлық» монументіне баратын жолдарға және туристік маршрутқа енбеген тарихи нысандарға табиғи ландшафттарға, археологиялық ескерткіштерге барар жолдарға жол сілтегіштер орнатылған.
Мәселен өңірдегі «Жекен-Шайық» әулие, «Нұр ата» кесенесі, «Қыз құлаған жар» немесе «Аманжар» табиғи ландшафты, Монтай әулие, Ақын-Жақып әулие, Дастарбасы таңбалы жартасы, Дастарбасы тоғызқұмалақ таңбасы, Дастарбасы үңгірлері саяхатшыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Бұл тарихи көне кешендер қола дәуірі мен ерте замандағы темір ғасыры археологиялық ескерткіштері санатына жатады.