Түркі әлемінің екінші Меккесі атанған қасиетті Түркістан тарихы тереңде екеніне табылған құнды жәдігерлер дәлел екені сөзсіз. Бүгінге дейін қарт қаламыздың жасы 2000 жылға жуық деген пікір қалыптасқан болса, соңғы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі шаһардың тарихы одан да терең екенін көрсеткен болатын. Яғни, табылған заттар қола дәуіріне жататын заттар екенідігін Америка, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан ғалымдары мойындап, қол қойған.
Қазіргі таңда тұжырымдама бойынша Түркістан қаласының тарихы осыдан 3000 жыл бұрын басталғандығы туралы декларацияға құжаттар әзірленуде. Алдағы уақытта, ЮНЕСКО – ның Париж қаласында орналасқан бас кеңсесіне жіберілмек. Құжаттар тиісті қолдау тауып, ЮНЕСКО Комитеті мүшелері тарапынан растанар болса шаһардың 3000 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Аталған шара әлемді аалаңдатқан індеттің қауіпі жойылып, ауқымды жиындар өткізуге толықтай рұқсат етілгенде өткізілмек. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі көпті қуанышқа бөлеп, қазақстандықтардың мерейін көтеріп тастағаны сөзсіз.