Home Қоғам СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың төрағалығымен Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Санитарлық нормаларға сай өткізілген мәжіліске аппарат қызметкерлері, бөлім, басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

  1. «Арыс қаласындағы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану туралы» тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Абай Тұрханов пен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Ұлмекен Нәбиева;
  2. Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде Арыс қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қуаныш Шойнахов;
  3. Арыс қаласының жергілікті атқарушы органдарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі-талдау жүргізу нәтижелері туралы қала әкімі аппараты заң бөлімінің бас инспекторы Нұрғиса Ахмет баяндама жасады.
    Жиын барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.