Home Қоғам САУРАН АУДАНЫНДА ІШКІ САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА ІШКІ САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевтың төрағалығымен ішкі саясат мәселелері жөнінде семинар өтті.
Семинарға тиісті салалық бөлім басшылары, ішкі саясат бөлімінің мамандары, ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты мамандары, қоғамдық ұйым басшылары, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары, аудандық Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы қатысты.
Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев бүгінгі семинардың маңыздылығы жөнінде айтты.
Одан кейін ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Жанадилов мемлекеттік рәміздердің стандарттары мен орналасу тәртібі бойынша түсіндірді.

Семинарды аудан әкімінің орынбасары Серік Өмірханұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, семинарды қорытындылады.