Home Қоғам САУРАН АУДАНЫ: «ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ: ҰҒЫМЫ, МӘНІ, КӨРІНІСТЕР ФОРМАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ...

САУРАН АУДАНЫ: «ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ: ҰҒЫМЫ, МӘНІ, КӨРІНІСТЕР ФОРМАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылғы 16 қараша күні Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні, көріністер формасы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Абдрахман, ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының мамандары, облыс аумағынан тыс жерлерде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар қатысты.
Кездесу барысында теолог маман Б.Абдрахман экстремизм және терроризм ұғымдарының мәні, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі және дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны жөнінде кеңінен түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, теолог маман сұрақтарға жауап берді.
Кездесуді Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке қорытындылап, кездесуге қатысқан теолог маман мен қатысушыларға алғыс білдірді.
Аталған кездесу Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің 2021 жылғы қараша айына арналған халықтың мақсатты топтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.