Home Қоғам САУРАН АУДАНЫ: «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ИСЛАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫ: «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ИСЛАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылғы 16 қараша күні Түркістан облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының 2021 жылғы қараша айындағы жұмыс жоспарына сәйкес, Ескі Иқан ауылдық округіндегі «Иқан» жалпы орта мектебінде «Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері және ислам» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Қайратұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теологы Ж.Сайлау, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Абдрахман, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Кездесу барысында теолог маман Б.Абдрахман қазақ халқының ұлттық дәстүрлері, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі және дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны жөнінде түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, теолог маман сұрақтарға жауап берді.