Home Қоғам САЙРАМ АУДАНЫНДА «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА КӨШІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САЙРАМ АУДАНЫНДА «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА КӨШІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Сайрам аудан әкімдігі жанынан «Сервистік әкімдік» 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық жер қатынастары, аудандық ауылшаруашылығы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аудандық сәулет және қала құрылысы және аудандық білім бөлімдері аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде.

Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков “Antikor.Live” жобасында мәлімдеді.

Сервистік әкімдікте 2020 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 376, оның ішінде электронды көрсетілген қызметтер – 156.

«Сервистік әкімдікте» 2021 жылдың 9 айында көрсетілген қызметтер саны – 678, оның ішінде электронды көрсетілген қызметтер – 465. Қарабұлақ ауылдық округі мен Қарамұрт ауылдық округі әкімі аппаратында да 2021 жылдың наурыз айынан бастап «Сервистік әкімдік» ашылған.

«Open Space» форматына көшіру және басшылар кабинеттерін әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттарына ауыстыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Бұл бастаманы қазіргі уақытта білім, денсаулық сақтау және аудандағы барлық мемлекеттік мекемелер және Қарамұрт, Ақбұлақ ауыл округі әкімінің аппараттары мекемеде ашықтықты қамтамасыз ете отырып, жұмысын «Open Space» форматында жүргізуде.

Жалпы, бүгінде Сайрам ауданы бойынша 5 ауыл округі әкімдері әкімшілік ғимараттардың 1-ші қабатына көшірілсе, 54 білім беру мекемесінің директорлары кең кабинеттерін босатып, бірқатары мектеп ғимараттарының бірінші қабатына орналасқан, сондай-ақ, кезең-кезеңімен «Open Space» форматын енгізіп отыр.