Home Қоғам ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ОТЫРАР АУДАНЫНДА

Отырар​ ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Оспанов пен комитет мүшелері Б.Жылқышиев, Ж.Дүйсебаев, Е.Барлыбаев, Н.Әлтаев, А.Ералиев, С.Звольский, М.Теміржан және ҚР​ Ауыл шаруашылық вице-министрі Е.Нысанбаев, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры А.Сұлтановтар арнайы іссапармен барды.​ 
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіндегі тарих іздерінен сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысқан халық қалаулылылары әл-Фараби, Сұлтан Бейбарыс бабалардың зираттарынан​ топырағы әкелініп қойылған мемориалды кешенін аралап, Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп, бабалар рухына құран бағыштады. 
Халық қалаулыларына Арыстанбаб кесенесі маңында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстырған аудан әкімі қонақтардың алдағы сапарларына сәттілік тіледі.