Home Қоғам ҮМІТКЕРЛЕР ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҮМІТКЕРЛЕР ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар: Е.Жанысбеков, Ж.Жакенова, А.Шойынбаева бүгін Төрткүл ауыл округіне қарасты Қызылжар елдімекенінің аузы дуалы қарияларының шаңырағына барып, канвассинг кездесуін өткізді. Үміткерлер мемлекетіміз қай салаға болмасын дамуына көңіл бөлініп жатқанын әрі зейнеткер жастағы кісілердің зейнетақысының өсуіне көңіл бөлінетінін, жастарға, әсіресе студенттерге барынша жағдай жасалынатынын айтып өтті. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы тарапынан алдағы жылдары аудан көлемінде қыруар істің жүзеге асатынын жеткізді. Мәселенкей, газ жүйесі тартылады, аудан толықтай ауыз сумен қамтылады, мектептер салынады, жолдар жаңарады, ағын су арналары тазарады.

«Nur Otan» партиясы Ордабасы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді