Home Қоғам КЕНТАУ: ҮШ ЖЫЛДА ҚАЛАНЫҢ ІШКІ КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

КЕНТАУ: ҮШ ЖЫЛДА ҚАЛАНЫҢ ІШКІ КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Кентау қаласының әкімі Ғани Рысбеков қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға алғашқы болып кірген Нұрлан Болганусов жол мәселесін қозғады. 3 жылдың ішінде қаладағы барлық ішкі жолдар жөндеуден өтеді деген Ғани Құрмашұлы жаяу жүргіншілерде қоса ретке келтіріледі деді. Қоғамдық қабылдауға жалпы 8 тұрғын арыздарын арқалай келген. Олардың басым көпшілігі коммуналдық сала бойынша жер, үй, су мәселелері қаралды. Кентау қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлердің бой көтеріп жатқанын баяндаған қала әкімі пәтер алу кезегі өз кезегі бойынша берілетінін атап өтті. Ал, жер инфрақұрылым жұмыстары (жолы, суы, жарығы, кәріз жүйесі) жүргізілмей берілмейді. Алдағы уақытты осы салаға қаржы қаралған жағдайда атап өткен жұмыстар жасалынатын болады. Сол кезде ғана кезекте тұрған тұрғындар өз жерлерін кезегімен алатын болады деді. Қала әкімінің қабылдауында болған қала тұрғындары өз арыз, өтініштеріне қанағаттанарлық жауаптарын ала алды.Сонымен қатар, қала әкімі Ғ.Рысбеков тұрғындардың өтініштері бақылауға алынып, орындалу жұмыстары қадағаланып отыратынын жеткізді.