Home Қоғам “ЕЛОРДА – ЕЛДІКТІҢ БЕСІГІ”

“ЕЛОРДА – ЕЛДІКТІҢ БЕСІГІ”

Қадірлі отандастар!
Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін – Еуразия кіндігіне орналасқан алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, байтақ Қазақстанымызды кемел келешекке бастаған елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының төл мерекесі!
Тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі болған астанамыз бұл күні бейбітшілікті ту етіп, ынтымағы жарасқан қала атанды.
Еліміздің сан ғасырлық бірлігін ойлаған Қазақстанның Тұғғыш президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салған қаласы аз уақытта әлемдік саясатта ықпал жасайтын, Қазақстан жайында түсінік қалыптастыратын, қазіргі заманның ірі геосаяси жобаларының біріне айналды.
Осылайша, ел астанасы татулық пен келісімнің символы, қазақстандық потриотизмнің бойтұмары Нұр-Сұлтан қаласы шын мәнінде Қазақ елінің асқан айбыны мен бағындырған белестерін бедерлейтін өлшемі болды.
Қадірлі жерлестер!
Болашаққа бет бұрған егеменді еліміздің символы елордамыз өсiп, өркендей берсiн деген тілекпен баршаңызды астана күнімен құттықтаймын.

Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА