Home Қоғам БҮГІНГІ ШӘКІРТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

БҮГІНГІ ШӘКІРТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

Білім мен білік дағдысы іс жүзінде сарапқа салынған, білім шыңын бағындыруға қадам басқан білімгерлердің алғашқы сыны – пәндік олимпиада. «Мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақ. Ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогикалық методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,- деген А.Байтұрсынұлының сөзін қай кезде де есте ұстау маңызды. Иә, мектеп жұмысы мен оқушы жетістігін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Ал, оқушылардың үлгерімі мен жетістіктері – оқушының жұмсалған күш-жігері мен ұстаздың кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Биылғы оқу жылы бұл орайда нәтижелі болып, аудандық пәндік олимпиадаға қатысқан 46 оқушының 32-сі жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда ІІ орынға – 7, ІІ орынға – 5, І орынға – 20 оқушы ие болды. Аудандық көрсеткіш бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 16 оқушы жолдама алып, оның ішінде мектебіміздің 7 оқушысы жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие болды. Олимпиаданың жеңімпаздарының бірі Александр Рыбалов информатика пәнінен І-ші орынды иеленіп, КБТУ грант иегері атанды және Республикалық олимпиадаға жолдама алды. Мектап оқушыларының дарындылықтарын арттыру жолында мектеп ұстаздарының үлесі зор. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген қағиданы ұстанған Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы білімді ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтып келеді.
🖊Ж.АЛТАЕВА, Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының ДБІЖО.