Home Қоғам #АУЫЛФУТБОЛ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ТАРҚАТЫЛДЫ

#АУЫЛФУТБОЛ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ТАРҚАТЫЛДЫ

Қазан айынан бастап #АуылФутбол жобасы ауылдық футбол командаларына сыйлықтар ұсыну акциясын бастайды. Іс -шараның демеушісі SunFinance компаниясы болады.

«Қазан бойы әр апта сайын біз ауылдық балаларға футбол доптарын береміз. Біз өз ауылдарымыздан бастайтын боламыз , олар – Райымбек, Қырғауылды, Абай және бұл тек бірінші акция болмақ. SunFinance 20 -дан астам ауылдық командаларға доп сыйлайды», – деді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

Потенциалды сыйлық алушылар үшін кішігірім шарт бар – С.Мәмбетовтің айтуынша, команданың әлеуметтік желілерде ресми парақшасы болуы керек.

«Бұл өте маңызды. Қазіргі уақытта әр команда аз болса да ақша тауып үйренуі керек. Команда жасай алатын бірінші әрекет – әлеуметтік желілерде жеке парақша ашу және сол парақша арқылы оқырмандарға хабар тарату. Ал болашақта ауылдық командалар демеушілерді жарнамалап, олардан жан-жақты көмек алу мүмкіндігіне ие болады», – деп қосты С.Мәмбетов.

Ауылдық балаларға арналған сыйлықтар #АуылФутбол жобасы мен SunFinace арасындағы демеушілік келісімшарттың бір бөлігі болып табылады. Шілде-қыркүйек айларында компанияның қолдауымен SunFinance Cup сериясынан үш турнир Маңғыстау, Ақтөбе және Ақмола облыстарында өтті. Жыл соңына дейін Алматы мен Түркістан облыстарында тағы екі турнир өтеді.

Жоспарда сонымен қатар 2022 жылдың ақпан айында Футбол Уикендін өткізу бар. #АуылФутбол жобасы 2020 жылдың басында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында басталды. Идея авторы – журналист Серік Мәмбетов. Жобаның басты мақсаты – ауылдағы балалар футболын қолдау.