Home Қоғам АРЫСТЫҚТАР ЕЛОРДАҒА 33 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМІН ЖӨНЕЛТТІ

АРЫСТЫҚТАР ЕЛОРДАҒА 33 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМІН ЖӨНЕЛТТІ

Аптаның соңғы күндерінде Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Елордадағы “Ханшатыр” ойын-сауық орталығының іргесінде сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Арыс қаласы 33 тонна азық-түлік өнімдерін тарту етті.
Жыл сайын күзге қарай өтетін дәстүрлі жәрмеңкенің биылғы бетпердесін Түркістан облысы ашып берді.
Облыс шаруалары жалпы көлемі 500 тоннадан астам жергілікті өнімнің сан түрін Нұр-Сұлтанға жеткізген болса, оның 33 тоннасын арыстық шаруалар ұсынды.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай, әкім орынбасары Дәрібай Сапаров пен Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Біләлбеков шаруалар өнімін 3 жүк көлігімен Сарыарқа төріне дін аман жеткізілуін қамтамасыз етті.
Арыстық шаруалар мен диқандар астаналықтарға ұсынған тартудың құрамында 7 тонна ет, 23 тонна көкөніс пен бақша өнімдері және 3 тонна сүт өнімдері бар.