Home Қоғам АРЫСТА 1 806 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

АРЫСТА 1 806 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қаладағы И.Журба атындағы орта мектепке барып, оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

2021-2022 жаңа оқу жылында санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта жұмысын бастаған Арыс қаласы мен қала маңындағы ауылдық округтердегі 37 мектепте 18 950 оқушы білім алады деп жоспарланған.

Бүлдіршіндерді құттықтаған Гүлжан Мамытқызы адам баласы арман, мақсатына тек білім арқылы ғана қол жеткізе алатынын атап өтті.

«Биылғы жаңа оқу жылында Арыс қаласы бойынша 1 806 оқушы 1-сыныпқа қабылданып, мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. Ал Иван Журба атындағы мектепте ашылған 3 сыныпқа 74 оқушы қабылданды. Біз бүгін оларға А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде жазылған «Әліппе» оқулығын салтанатты түрде табыстап отырмыз. Бұл қадам бүлдіршіндеріміз үшін зор мәртебе болып саналады», – деді қала әкімі.

Арыс қалалық білім бөлімінің басшысы Ә. Момбековтің айтуынша, бүгінгі таңда оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін тапқан. Осы кезге дейін жаңа оқу жылына жалпы саны 120 749 дана оқулық сатып алынған.