Home Қоғам ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қаламызда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық шарасы өткізілді.

Аталған шараны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен қалалық ардагерлер кеңесі бірлесе жүзеге асыруда. Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары П.Досыбеков пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Түркістан қаласындағы үйлестірушісі А.Алдияров Жеңістің 76 жылдығына орай, 40-тан аса қаладағы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне азық-түлік өнімдерін үлестірді.

– Басты мақсат 9 мамыр Жеңістің 76 жылдық мерекесі қарсаңында – елдігімізді нығайтқан ардагерлерімізге ел атынан алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау. Сонымен бірге, қазіргі таңдағы әлем мен елімізде болып жатқан коронавирус індетінің алдын алып, төтенше жағдай талаптарын сақтауды барынша қолға алуды басты назарда ұстау керек, – дейді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пернетай Досыбеков.

Мұндай шараның болуы бүгінгі қоғамды отаншылдық рухта тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға, тарихқа және ардагерлердің ерліктеріне сыйластық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған керемет бастаманың әлі де өз жалғасын табатыны сөзсіз.