Home Экономика ТҮРКІСТАНДА БАҒА ТҰРАҚТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА БАҒА ТҰРАҚТАНДЫ

Құрметті қала тұрғындары!

Әлеуметтік желілерде азық-түлік бағалары бойынша түрлі әңгімелер тарап, нәтижесінде, бүгін “Алтын бұлақ” көтерме базарында тұрғындар тарапынан қоймалардағы азық-түліктерді жаппай сатып алу жағдайы орын алған. Бұндай іс-әрекеттер кей саудагерлердің жағдайды пайдаланып, бағаларын көтеруге себеп болып отыр.

Қала іші сатылымдағы біраз тауар көтерме базардан алынатын болғандықтан, осы сауда орындардағы баға өсімін қадағалау маңызды. Әкімдік қызметкерлері бүгін де базарға барып, халық арасында үрей тудырған, я негізсіз бағаны көтерген азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізді.


Базарда ұзын-сонар кезекке тұрған азаматтарға қазіргі таңда жағдайдың тұрақты екенін айтып, ешқандай дүрлігудің қажеті жоқ екенін жеткізді.

Айта кетейік, қала әкімдігі мен “Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жасауда. Келесі аптада қоймаларда 120 тг-ден 200 тонна картоп, 180 тг-ден 40 тонна күріш, 125 тг-ден 545 тонна ұн, сонымен қатар, пияз, сәбіз, құмшекер, сұйық май секілді әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толығады.

Жалпы, қоймалардағы азық-түлік тауарлары жеткілікті. Әлеуметтік дүкендер, сауда орталықтары азық-түліктермен қамтамасыз етілетін болады.