Home Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ “ГРОДНО АЗОТ” ААҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ “ГРОДНО АЗОТ” ААҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров “Гродно Азот” ААҚ-да болып, оның қолданыстағы технологиялық мүмкіндіктерімен танысты. “Гродно Азот ” ашық акционерлік қоғамы — азот қосылыстары мен тыңайтқыштарды өндіретін Беларусь елінің мемлекеттік компаниясы. Нұралхан Көшеров зауыттың топ-менеджментімен бірге минералды ресурстар өндіру цехтарында болып, медициналық оттегі мен нақты тұтыну топтарына бағдарланған басқа да өнімдерді шығаратын өндіріс алыбының мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Кәсіпорынның екінші өндірістік кешені — “Химволокно зауыты” филиалының жұмысымен танысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары “Гродно Азот” ААҚ-ның сериялық өнеркәсіптік мүмкіндігін атап өтті. Аталған өндіріс орны ауыл шаруашылығы, тамақ, автомобиль, тоқыма және басқа да салаларға арналған өнімдердің алуан түрін өндіреді. Іссапар барысында Нұралхан Көшеров Гродно облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Юрий Валевпен кездесті. Кездесу барысында екі облыстың агроөнеркәсіптік салалары талқыланды. Ынтымақтастық орнату жөнінде келісім жасалды.