Home Басты жаңалықтар Жаратылыстану пәндерін үштілде оқытуда STEM әдістерін қолдану-білім берудің тиімді мүмкіндіктері

Жаратылыстану пәндерін үштілде оқытуда STEM әдістерін қолдану-білім берудің тиімді мүмкіндіктері

Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты І.Есенберлин атындағы № 54 жалпы орта мектебінде “Жаратылыстану пәндерін үштілде оқытуда STEM әдістерін қолдану-білім берудің тиімді мүмкіндіктері” тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға Жетісай ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы М. Спарханов, Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері С. Сіргелі, М.Әуелбекұлы мен З. Оспанова және аудан көлеміндегі мектептерден 60 мұғалім қатысты. Семинарда жаратылыстану бағытындағы пәндер қамтылып, 8 ашық сабақ көрсетілді. Семинардың мақсаты: Жаратылыстану пәндерін оқыту арқылы оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету. Нақты өмірде ғылыми техникалық білімді қолдануда сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту.Семинарға келген ұстаздар өтілген сабақтардың тиімді тұстарын айта келіп өз сабақтарында пайдаланатынын білдіріп жақсы ұсыныстары мен тілектерінде айтты. Семинарды Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Спарханов, Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері М.Әуелбекұлы және З.Оспанова мектеп директоры Г.Қуатбекова қорытындылады. Келген қонақтар семинардың өз деңгейінде өткенін,айтып кері байланыс берді.Мектеп директоры Г.Қуатбекова семинар қонақтарына, мектеп әкімшілігіне, ұжымға алғысын білдірді.