Home Басты жаңалықтар Түркістандықтардың кәсіп бастауға мүмкіндігі көбейді

Түркістандықтардың кәсіп бастауға мүмкіндігі көбейді

«Бастау» түлектері арнайы микроқаржы ұйымы арқылы 6 пайыз мөлшерлемемен несие рәсімдей алады.

«Кәсібін енді бастап жатқан азаматтар, «Бастау» жобасының түлектері несие рәсімдеуге құжаттарын жинап, несие алуға өтінімдерін беру қажет. Олар бірнеше салада несие ала алады. Шағын несиені 5 жылға, ал мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі дейін рәсімдеуге болады. 2021 жылы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалар үшін қарыздың ең жоғары сомасы 7,2 млн. теңге, қалалар мен моноқалалар үшін 18,9 млн. теңгеге дейін беріледі», – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.

Несие алу үшін ескеру керек:

  • тұтынушылық мақсатқа;
  •  бұрын алған несиені өтеуге;
  •  несие берешегін қайта қаржыландыруға;
  • жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй алуға;
  • үй құрылысы үшін және  жер учаскелерін сатып алу сияқты жеке қажеттіліктер үшін пайдалана алмайсыз..

Қажетті құжаттар:

  • жеке кәсіпкерлікті немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • өтінім берушінің жеке куәлігі;
  • несие тарихы;
  • банктер мен салық органдарында берешегі жоқтығы туралы анықтамалар,
  • кепілмен қамтамасыз етуге арналған құжат.

Аулдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына арқылы өтінім бере алады.

Түркістан облысындағы «Atameken Turkistan» микроқаржы ұйымы Түркістан қаласы, Қожанов көшесі 42, «Атамекен» ғимаратының 2-қабаты, 10-кабинетінде орналасқан.