Home Басты жаңалықтар Түркістандықтар жүзуден рекеорд орнатты

Түркістандықтар жүзуден рекеорд орнатты

Ақтөбе қаласында жүзуден өткен ел чемпионатында Түркістан облысының жүзушілер құрамасы медальдар саны бойынша рекорд жаңартып, 6 алтын, 9 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. Бұл — өңір спортшыларының жүлде саны жөнінен қол жеткізген рекорды. Жарысқа еліміздің 15 өңірінен келген 20 команда, 250 спортшы қатысып, үздіктерін анықтады. Түркістанның атынан су жолақтарында облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервін дайындайтын мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері шеберлігін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша Түркістан облысының спортшылары 25 жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан чемпионатында алғашқы рет Марасанова Дарья, Злобина Диана, Васильченко Дарья және Болдырева Милана 200 метрге еркін әдіспен жүзуден жеңіске жетті. Келесі жылдың наурыз-сәуір айларында облыс жүзгіштері Қазақстанның квалификациялық чемпионатына қатысады. Бұл жарыс жазғы Азия ойындарына іріктеу болып саналады. Жауапты жарысқа дайындық басталып кетті.