Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округінің Жаңа дәуір елді мекенінде 1995 жылы дүниеге келген Бағдос Олжабай 2021 жылдың 8 қазанында Алматы қаласында өткен Халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуге ие болды. Орта Азиядағы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің кіл мықты 8 спортшысы қатысқан «ALASH PRIDE GRAND PRIX» турнирінде Бағдос Олжабай ел намысын қорғап, жанкүйерлерінің үмітін ақтады. Жастайынан еркін күреспен айналысқан Бағдос бүгінде Ұлттық спорт Жекпе-жек федерациясының спортшысы. Бұған дейін де 2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен жекпе-жек спортының V фестивалінде және Қытайдың Пекин қаласында ММА-дан өткен әлем чемпионатында күміс жүлделерге ие болған. «ALASH PRIDE» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы.