Home Басты жаңалықтар Түркістандық спортшылар Татарстаннан жеңіспен оралды

Түркістандық спортшылар Татарстаннан жеңіспен оралды

Татарстанның Мамадыш қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 12 елінен ең талантты деген тəжірибелі балуандар қатысқан додаға Қазақстан ұлттық құрама командасы да бақ сынап, туған елге олжалы оралды.

Әлемдік додаға Түркістан облысынан жалпы 9 спортшы қатысты. Оның 9-ы ұл балдар және 4-і қыздар. Қорытынды бойынша түркістандық саңлақтар 2 алтын, 1 күміс медалді олжалап, көк байрағымызды көкте желбіретті. Белбеу күресінен өткен əлем чемпионатында күрескен Түркістан облысының бір топ жас балуандары өз салмақтарында қарсыласқа шақ келтірмей, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Атап айтқанда, боз кілемде талантымен танылған түркістандық 85 келі салмақта өнер көрсеткен Асылжан Кәрім мен 95 келідегі жерлесіміз Алмас Темірбай алтын медаль иеленді. Бапкерлері – Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Қуат Байқожаев.Сонымен қатар, əлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған облысымыздың талантты балуан қызы Ақбота Қыдырәлі 63 келіде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды.