Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне алты мәселе қаралды. Атап айтқанда, «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу және «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, отырыста «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, өкілді органдардағы және қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметтері үшін Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі республикалық қоғамдық бірлестіктің «Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» төс белгісімен Түркістан облыстық мәслихатының II, III, IV, V, VI шақырылымдарының депутаттары Дулатбек Әбіш, Нұралы Әбішов, Сәду Бекенов, Бадритдин Нишанкулов марапатталды. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі шешіміне сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына сіңірген еңбегі үшін Түркістан облысының Құрметті грамотасымен Гүлжан Мейірбекова марапатталды.