Home Басты жаңалықтар Түркістан: Жасыл белдеу орнату мақсатында 3,5 млн. түп ағаш егілді

Түркістан: Жасыл белдеу орнату мақсатында 3,5 млн. түп ағаш егілді

Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау бойынша мемлекеттік қызметшілерден құрылған мобильді мониторингтік тобы құрылды. Атап өтсек, Әзірет Сұлтан мешіті, «Жеңіс» саябағы және Бекзат Саттарханов даңғылы аумағындағы 1,8 шақырымында автоматикалық суғару жүйесі аяқталып, партерлік көгал төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұңғыш Президент саябағы, Қазақ хандығы мемориал кешенінің құрылысы аяқталуда. Б.Саттарханов даңғылы бойында 4 шақырым желілік саябақ салынып, 25 300 түп ағаш егіліп, 317 шағын архитектуралық нысандар орнатылды. «Рәміздер алаңы», «Есімхан алаңы» мен «Түркі бағын» абаттандыру жұмыстары аяқталды.Жалпы, қала аумағына Жасыл белдеу орнату мақсатында 4 700 га жерге 3,5 млн. түп ағаш егілді. Сондай-ақ, қала ішіндегі көгалдандыру және сумен қамту жұмыстарын қарқынды атқару үшін “Жасыл Түркістан” КММ-нің Мобилді тобының жалпы штат бірлігі 1 ай ішінде 202-ден 357-ге дейін ұлғайып, қосымша 155 штат бірлігі ашылды. Нәтижесінде қазір 5 мобилді топ 3 күндізгі және 2 түнгі ауысымда жұмыс жасауда.