Home Басты жаңалықтар Түркістан тұрғындары көгілдір отын пайдасын көруде

Түркістан тұрғындары көгілдір отын пайдасын көруде

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Түркістан облысы әкімінің бақылауымен шалғай елді мекендегі жиырма мыңнан астам тұрғынның үйіне газ тартылды. Көгілдір отынның игілігін көреміз деп қуанған тұрғындар енді отын жылыту маусымында көмір үнемдеп, қалтаға да салмақ түспейтінін айтуда.

Ресми деректер бойынша, 1723 үй табиғи газбен қамтылып, оның ішінде Қызылсеңгір ауылына – 267 үй, тұғыртас ауылына – 32 үй, Заңғар ауылына – 166 үй, Қақпақ ауылына – 868 үй, Сырлысай ауылына – 98 үй , Бағыс ауылына – 292 үйге жеткізілді. Өткен аптада іске қосылған “Таскескен” АГТС Сарыағаш ауданының тоғыз елді мекенін және Келес ауданының екі елді мекенін жабдықтайтын болады.

“Бұл елді мекендерге газ” Қақпақ ” автоматты газ тарату станциясынан арнайы газ таратушы құбыры арқылы берілетін болады. Бүгінгі таңда “Қақпақ” автоматты газ тарату станциясы (АГТС) алты ауылды тарату желілеріне қоса алады, жалпы алғанда бұл шамамен он мың тұрғын”, – дейді “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Түркістан облысы бойынша өндірістік филиалының басшысы Шалқар Омарбеков.

Жалпы, өңірде 843 елді мекен бар, онда 1 983 967 тұрғын тұрады. Оның ішінде жалпы халқы 389 400 адам болатын 7 қала және 1 594 567 тұрғынды құрайтын 836 ауыл бар.