Home Басты жаңалықтар Түркістан: Тропикалық жемістер саны артуда

Түркістан: Тропикалық жемістер саны артуда

Нақтырақ айтсақ, бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма, 707 көшет лимон өсіріп отыр. Былтыр бір жылдық көшеттің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алған кооператив лимонның өзінен биыл 20 тонна өнім алуды жоспарлауда. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар, Ордабасы ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді. Қазіргі таңда аймақта қарқынды бау көлемі 400 гектарға жуықтаған. Қажымұқан ауыл округіндегі «KazGarden» ЖШС-і жалпы құны 2 млрд теңгеге 240 гектарға бау егуді қолға алған. Бүгінде 60 гектарға еккен, оның 11 гектары қарқынды алма бауы, 49 гектары сүйекті жеміс-жидек. Онда 4 адам тұрақты, 55 адам маусымдық жұмыспен қамтылып отыр.