Home Басты жаңалықтар Түркістан: Соңғы эпидемиологиялық деректер

Түркістан: Соңғы эпидемиологиялық деректер

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша бүгін Түркістан облысы «сары» аймаққа өтті

Мұнда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 122 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 1.22 % құрайды. Бүгінде Түркістан облысынан басқа өңірдің бәрі «қызыл» аймақта тұр. Сондай-ақ, өңірде вакцнация салдыру бекеттерінің саны 128-ден 141-ге артты. Жалпы екпе науқаны басталғалы өңірге 609 605 доза вакцина жеткізілді. Қазір бірінші компонентпен 597 544 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 422 657 адам қабылдады.Айта кетейік, пандемия басталғалы өңір бойынша ауырғандар саны 10 094 жетті. Оның 5882-да ауру симптомсыз өткен. Ал 2774 науқас инфекциялық стационарларда ем қабылдады.

Жалпы 3000 инфекциялық төсек орын ұйымдастырылған. Оның 1213 бос тұр. Айта кетейік, пандемия басталғалы 8193 науқас індеттен толық айыққан. Жалпы 906 670 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1672 адам тексеруден өткен.