Home Басты жаңалықтар Түркістан: “Сарқырама” су қоймасы салынбақ

Түркістан: “Сарқырама” су қоймасы салынбақ

Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша бұрын ағын су 43 %-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні 36 шақырым каналды бетондау жұмыстарының нәтижесінде 22 млн.м3 су үнемделіп отыр. Жалпы жобасы аясында 60 млн.м3 су үнемделеді және қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады. Бүгінгі күні 1,5 шақырым абаттандырылды. Ал, «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасын салу жобасы бойынша 34 млн.м3 ағын су жеткізіледі.

Қазіргі таңда үлкен дамбы биіктігі 28 метрге дейін көтеріліп, 60 % бетонмен қапталды. Нәтижесінде, биылдың өзінде көктемгі тасқын сулар ысырабына жол берілмей 5 млн.м3 су жинауға мүмкіндік берді.Сондай-ақ «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша бөгет 34 шақырым ұзындыққа көтеріліп, биылғы жылдың өзінде 250 млн.м3 су жинақталды.

Бұл жоба алдағы уақытта Түркістан өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға оңды ықпалын тигізеді. «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба мемлекеттік сараптама қарауында.

Нәтижесінде Түркістан қаласына жылына 53 млн.м3 ағын су қосымша жеткізілетін болады.«Сарқырама» су қоймасын салу жобасы бойынша құжаттар әзірленуде. Вегетациялық кезеңде «Бөген» су қоймасына қосымша 50 млн.м3 су тасталып, Түркістан өңірі бойынша ағын су кепілді түрде жеткізіледі.