Home Басты жаңалықтар Түркістан қыздары VII жазғы чемпионатта жеңіске жетті

Түркістан қыздары VII жазғы чемпионатта жеңіске жетті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылғы жоспарына сәйкес, Қостанай қаласында «Өрт сөндіру-құтқару спорты» бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы XXVII жазғы чемпионаты және әйелдер арасындағы VII жазғы чемпионаты өтті. Жарысқа облыстық өрт сөндіру мекемесінің спортшы қыздары қатысты.

Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-ші қабатына көтерілуден 1-орынды Айдана Тұрсын және 3-орынды Назерке Өмірғалиева иеленді.Жүлделі орын иелерін жеңістерімен құттықтаймыз.